Бокстан халықаралық турнир: Бауыржан Әли қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Бұл жеңіс – қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің әлемдік бокс аренасындағы беделінің биік екенін айқындай түсті.

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы санкциялаған халықаралық бокс турнирі өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған додада ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы курсанты, Қазақстан Республикасының бокстан спорт шебері Бауыржан Әли тәжікстандық боксшы Раджабой Ахмедовпен төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының жоғары дайындық деңгейі мен тәжірибесінің арқасында бірінші раундтың 57-секундында қарсыласына ауыр соққылар дарытып, техникалық нокаутқа түсірді. Нәтижесінде, төрешілер жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, Бауыржан Әли жеңіске жетті.

Бұл жеңіс – қазақстандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің әлемдік бокс аренасындағы беделінің биік екенін айқындай түсті.