Жақында ғана Қостанай облысы Жітіқара қаласында болған тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға салдарынан 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алып, ал оның 15 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактісімен қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ретінде зардап шеккен әйелдің күйеуін анықтады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.