«Алғаш рет ұсынғалы отырмын»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде шығармашылықтағы жаңа кезеңі басталғанын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші енді продюсер ретінде жұмысын бастамақ. Оның алғашқы жобасы – «Voice Beyond Horizon» жобасының жеңімпазы — Нұржас Садырбаев.

Димаш Құдайберген әлемдік аренада өнер көрсететін әртіс дайындауға ниетті екенін айтты.

«Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы — Нұржас Садырбаевты продюсері есебінде қарамағыма алдым. Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім. Енді сол тәжірибеммен бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді! Осы жолдағы басты күшіміз — біздің қолдауымыз бен бірлігіміз. Бүгін студиядағы бірлескен жұмысымыздың көрінісін алғаш рет ұсынғалы отырмын. Ән ресми түрде алдағы аптада жарық көреді. Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де менің YouTube арнамда кездесеміз. Кездескенше», - деді Димаш Құдайберген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.