Жастарға жол ашқан бастамалар

Қазақстанда кейінгі жылдары жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік реформалардың түпкі мақсаты – Әділетті Қазақстан құру.

Бұл бастама мемлекеттік басқаруды жаңғырту, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың үніне құлақ асатын ашық жүйе қалыптастыру, жастарға мүмкіндік беру және қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін арттыруға бағытталған. Бүгінде бұл өзгерістер елорда деңгейінде ғана емес, өңірлерде де нақты мазмұнға ие бола бастады.

Соның бір көрінісі ретінде Батыс Қа­зақ­стан облысында жастармен, мемлекеттік қыз­мет­шілермен және қоғам белсенділерімен өт­кен кездесулерде жаңа реформалардың ба­сым бағыттары кеңінен талқыланды. Жиында мем­лекеттік қызметке жастарды тарту, кадр­лық резерв жүйесін жетілдіру, азаматтардың ше­шім қабылдау процесіне қатысуы және «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыру мә­селелері көтерілді.

Қазіргі Қазақстанда жастарды мемлекеттік бас­қару ісіне тарту маңызды басымдықтардың бі­ріне айналды. Себебі жаңа буынның энер­гия­сы, білімі мен цифрлық сауаты ел дамуына тың серпін бере алады. Осыған байланысты өңірлерде жастар кадр резервтері құрылып, мемлекеттік қызметке кіру тетіктері жеңіл­деті­ліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нари­ман Төреғалиев жастар қоғамның қозғаушы күші екенін атап өтті.

– Жастар қай кезеңде де қоғамды алға сүй­рей­тін күш болған. Сондықтан олардың бас­та­­­­маларын қолдау, қабілетін ашу, мемлекеттік басқаруға тарту – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Жас мамандардың ел дамуына қосар үлесі зор, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, 2024 жылы ай­мақта жас әрі білікті мамандарды іріктеу жұ­мыстары жүргізіліп, жүздеген үміткер ара­сынан 30 жас маман өңірлік кадр резервіне қа­­­былданған. Қазір олардың басым бөлігі түрлі мем­лекеттік органда еңбек етіп жүр.

Президент бастамасымен енгізілген «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­да­­масы  мемлекеттік саясаттың негізгі қа­ғи­да­лары­ның біріне айналды. Оның мәні – аза­маттар мен билік арасындағы кері байланысты күшейту, халықтың сұранысына жедел жауап беру, шешім қабылдау кезінде қоғам пікірін ес­керу.

Осы міндеттерді түсіндіру және іске асыру ая­сында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төра­­­­ғасы Дархан Жазықбай Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, жас­тар­мен, студенттермен және өңір активімен кез­дес­ті. Кездесулерде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі, жастарға беріліп жатқан мүмкін­дік­тер, елдегі реформалардың маз­мұны жан-жақты талқыланды. ол мем­лекеттік аппарат қоғам үшін ашық әрі қол­жетімді болуға тиіс еке­нін айтты.

– Бүгінгі мемлекеттік қызмет – халықтан ал­шақ кабинет жүйесі емес. Бұл азаматтардың мә­селесін тыңдайтын, әділ шешім қабыл­дай­тын, қоғам сеніміне жұмыс істейтін заманауи инс­титут болуы керек, – деді Дархан Жазық­бай.

Бүгінде азаматтар қоғамдық кеңестер, он­лайн-петициялар, ашық талқылаулар, сайлау жүйесі арқылы елдегі маңызды шешімдерге ық­пал ете алады. Бұл – саяси жаңғырудың маңыз­ды нәтижелерінің бірі.

Жиында ерекше назар аударылған ба­ғыт­тардың бірі – «Адал азамат» тұжырымдамасы. Бұл бастама жауапты, еңбекқор, заңға құрмет­пен қарайтын, қоғам алдындағы міндетін се­зі­нетін тұлға қалыптастыруды көздейді.

Кез келген реформаның табысты болуы тек заң­дарға емес, азаматтардың ішкі мәдениеті мен жауапкершілігіне де байланысты. Егер қо­ғамда адал еңбек пен әділдік құндылығы ор­нықса, мемлекеттің де сапасы артады.

Кездесуде жастарға сапалы білім алу, кә­сі­би даму, елге қызмет ету секілді бағыттарда тү­­­­­сіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Мемлекетке қызмет ету үшін тек диплом жет­кіліксіз. Ең алдымен адалдық, жауап­кер­шілік, еңбекқорлық және елге деген жана­шыр­лық қажет. «Адал азамат» қағидаты осы құн­ды­лықтарды біріктіреді, – деді Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің төрағасы.

Батыс Қазақстан облысында жастарды қол­дау бағытында тұрғын үй мәселесіне де ба­сымдық беріліп келеді. Соның бірі – «Жайық жастары» бағдарламасы. Жоба аясында онда­ған жас маман баспаналы болған.

– Жастарды өңірде ұстап қалу үшін тек жұ­мыс орны жеткіліксіз. Оларға баспана, даму мүм­кіндігі, сенім мен қолдау қажет. Сон­дықтан біз жастарға арналған бағдарламаларды жал­ғас­тыра береміз, – деді Нариман Төре­ғалиев.

Бұл бастама әсіресе өңірлерге жас кадр­ларды тартуда маңызды рөл атқарып отыр.

Әмина МҰХАНБЕТ