«AMANAT» партиясының «Жастарға жұмыс» жобасы аясында ұйымдастырылатын Job Fair бос жұмыс орындары жәрмеңкесі еліміздегі жастарға жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастауға көмектеседі. Жоба арқылы жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі – Исатай Хайруллиев, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
22 жастағы Исатай Хайруллиев – Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің түлегі.
БҚО Жайдарман ойындарының 2024 жылғы чемпионы.
Қазір ол «Жастар Рухы» жастар қанатының Орал қалалық филиалына жұмысқа орналасып, қызмет етіп жүр.