Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1, 2 және 3 мамыр күндері елордада мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т.б. тауарларды сатып ала алады.
Іс-шара 1, 2 және 3 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында өтеді.
Жәрмеңкеге келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.