Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, Маңғыстау өңірінен шыққан дизайнерді қолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол өзінің парақшасында: «Елуге келіп есірді демеңіз, еркінсідім. Маңғыстаулық @aliya.tuman сіңлімді дебютімен қолдағым келді», – деп жазды.
Тележүргізушінің бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік тарапынан жылы пікірлерге ие болды. Оқырмандар оның өнерге қолдау көрсетуін жоғары бағалап жатыр.
Сонымен қатар Л.Сұлтанқызының әдемілігін, образының шынайылығын, дене бітімінің келісті екеніне де желідегілер пікір білдірді.