Белгілі әнші Асхат Әмірғали Астанада «Биіктік» атты шығармашылық кешін өткізді

Сахнада бардтық, патриоттық және лирикалық жанрдағы әндер жанды дауыста орындалып, концерт Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің кәсіби сүйемелдеуімен жоғары деңгейде өрбіді.

Астана қаласындағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония концерт залында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы ән-би ансамблінің солисі Асхат Әмірғалидің “Биіктік” атты шығармашылық кеші өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сахнада бардтық, патриоттық және лирикалық жанрдағы әндер жанды дауыста орындалып, концерт Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің кәсіби сүйемелдеуімен жоғары деңгейде өрбіді.

Шығармашылық кешке арнайы шақырылған өнер майталмандары Нұрлан Өнербаев, Ақбота Керімбекова, Ұлықпан Жолдасов, Абыл Аяш, Асылбек Манап, сондай-ақ Ұлттық ұлан сапындағы әріптестері Ғайни Жұмашева, Нұрсұлтан Қарабалиев және "Дәуір" тобы өнер көрсетіп, кештің мазмұнын айшықтай түсті.

Лейтенант Асхат Әмірғали  халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Ол Ұлттық ұланның өнер ұжымында абыройлы қызмет атқарып, ел көлеміндегі мәдени іс-шараларға белсенді қатысып келеді.

Кеш финалында көпшілік ықыласына ие болған «Сәйгүлік» әні шырқалып, концерт әсерлі нотада қорытындыланды.