Көкшетауда 10 000 орындық стадион салынып жатыр

Бұл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қыркүйекте Ақмола облысына жасаған сапары барысында берген тапсырмалары аясында салынып жатыр.

Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын ауданында 10 000 көрерменге арналған жаңа стадионның іргетасына уақыт капсуласын қою рәсімі өтті, – деп жазды Aikyn.kz. 

ҚР Футбол федерациясы мәліметінше, салтанатты іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Көкшетау қаласының әкімі әрі облыстық футбол федерациясының президенті Әнуар Күмпекеев, Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысының м.а. Александр Кеплин және аймақ тұрғындары қатысты. 

Жоба UEFA 4 (жоғары) санатындағы заманауи инфрақұрылымды қамтиды: жайлы трибуналар, санитарлық аймақтар, фудкорттар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қарастырылған. 

Сонымен қатар мұнда «Оқжетпес» футбол клубы үшін толыққанды жаттығу базасын салу жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.