Атырау облысында ағайындылар атысып, ауыр жарақат алды

Жарақат алған азамат аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалған. Қазіргі таңда ол хирургия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

Атырау облысында жанжал соңы атысқа ұласып, бір адам жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, оқиға 30 жастағы ер адамның үйінің ауласында болған. Жанжал барысында травматикалық қарудан оқ атылып, шабуыл жасағандар оқиға орнынан бой тасалаған.

Кейін полиция қызметкерлері күдіктілерді жедел түрде анықтап, ұстады. Олар  2003 және 2004 жылы туған Индербор кентінің тұрғындары. Тіпті, олардың туысқан, ағайынды екені де белгілі болды.

Жарақат алған азамат аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл түрде ота жасалған. Қазіргі таңда ол хирургия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.

Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.