Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Әлем кубогында үш алтын медаль жеңіп алды

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды.

Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.

Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.