«Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Тәуекел Мүслім әсерлі видео жариялады

Ол әкесінің басына барып Құран бағыштады.

Актер Тәуекел Мүслім марқұм әкесіне деген сағынышын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әкесінің басына барып Құран бағыштады. Актер әлеуметтік желіде видео жариялап, әкесімен бірге өткізген аз уақыт өзіне ерекше ыстық екенін айтты.

"Шымкент пен Түркістанның ортасында, 60 км жерде  Темірлан деген ауыл бар. Сол жерде менің әкем, Сабыр Мүсілімұлы туған.  Менің балалық шағым өткен. аАз да болса осы мекенде әкеммен бірге тұрдым. Сол кезең өзіме ерекше ыстық. Енді сол әкемнің басына немерелерін алып барып, Құран бағыштамақпын. Жүнісбеков Сабыр Мүслімұлы 1955-2010 жж. Әке, жатқан жеріңіз жайлы болсын", - деп жазды актер.

Желі қолданушылары актерге қолдау көрсетіп, ізгі ниетін білдірді.

"Нағыз батыр ғой сенің әкең", "Мықты кісі болған. Жаны Жәннатта болсын", "Ниеттерің қабыл болсын", "Әкең бір аунап түскен шығар", "Әкеңізді Оңтүстіктің бәрі жақсы таниды", деп жазды оқырмандар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.