Өзбекстанның Хива қаласында өткен III халықаралық «Лазги» би фестивалінде «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Қазақстан атынан өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Фестиваль аясында ансамбль қазақтың «Қыз қуу», «Домбыра дастан» билерін және өзбек халқының «Хорезм термәлері» биін шебер орындап, көрерменнің ықыласына бөленді.
Нәтижесінде «Ең үздік сахналанған би» аталымы бойынша 2-орынды иеленді.
Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, ауқымды мәдени іс-шараға әлемнің 15 елінен келген өнер ұжымы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Малайзия, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан болды.
Айта кетейік, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі аталмыш халықаралық фестивальге алғаш рет қатысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.