Атырауда көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды

Текксеру барысында жүргізушінің мас күйде екені белгілі болды.

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау–Астрахань тас жолында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері өрескел әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол берген бірқатар жүргізушіні анықтады,  - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Атап айтқанда, полицейлер "ВАЗ-2110" автокөлікті жолда апаттық жағдай туғызғаны үшін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде екені белгілі болды. Ол Атырау облыстық наркологиялық сараптамадан өткізілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.