Бақыттың 90 %-ы дұрыс денсаулықта екенін ұмытпаңыз. Осы орайда, назарларыңызға денсаулыққа қатысты пайдалы кеңес сынамыз, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Біріншісі, қатты ыстық тамақ ішпеңіз. Ыстық тағамдар ағзадағы микробтармен күреседі. Оны білеміз. Алайда, сол бактерия мен микробтардың ішінде пайдалылары да бар. Ағзадағы жасушалар өте нәзік болады. Ыстық тағам олардың тіршілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, қалқанша безінің жұмысына кедергі келтіреді. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы да осыдан. Сіз ішетін тағам мен сусындар 45°-тан аспауы тиіс.
Екіншіден, суды бірнеше рет қайнатпаңыз. Су қайнаған сайын өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сондай-ақ бірнеше рет қайнату арқылы ағзаға тигізетін зиянын да арттыра түсеміз. Негізі, суды қайнатудың орнына фильтрден өткізіп алған дұрыс. Құдықтан алынған судың да зиянды тұстары бар. Соңғы кездері құдық суынан мышьяк табылуда. Бұл ағза үшін у болып есептеледі.
Үшіншіден, ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек. Одан кем емес. Нақтырақ айтатын болсақ, әр адам өзінің бір келі салмағына 30 мл су ішкен дұрыс. Мысалы, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда күніне екі литр су ішесіз. Ал салмағыңыз 80 келі болса, 2,5 литр су пайдаланасыз.
Төртінші, жаңғақты күн сайын жеуге әдеттеніңіз. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік зарары болуы мүмкін. Күнбағыс шемішкесін де аз мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз.
Бесіншіден кем дегенде 8 сағат ұйықтаңыз. Ұйқыңыз тыныш болуы үшін бір уақытта жатып, бір уақытта тұруды әдетке айналдыру керек. Физикалық күшіңізді қалпына келтіріп, басыңызды жақсы жұмыс істеуіне ұйқының тікелей әсер ететінін ұмытпаңыз. Иммунитеттің көтеріліп, жай ғана көңілді жүрудің өзі ұйқының тыныштығынан.
Алтыншыдан, «үй-жұмыс/сабақ-үй» деп жүретін жандар үшін адреналинді арттыру керек-ақ. Мұндай қызықсыз график арқылы сіз өмірдің керемет мәнін түсіне алмайсыз. Депрессияға түсіп кетесіз. Достарыңызбен қыдырыңыз, жұмыс пен тұрмыстағы проблемалардан әбден демалыңыз. Аттракционға барып көңіл көтеріңіз. Парашют немесе роуп джампингпен секіріңіз. Мұның бәрі сіздің сергек әрі көңілді жүруіңізге әсер етеді.
Жетіншіден, жаман ойларға берілмеңіз. Ылғи позитив ойлауға тырысыңыз. Көңіл-күйді түсірмеңіз. Болашаққа сеніммен қараңыз. Бәрі жақсы болады.