Өскемендік кішкентай Дима Биланның видеосы әлеуметтік желіде көптің назарын аударды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазба Өскеменде түсірілген. Кішкентай баладан атының кім екенін сұрағанда ол «Дима Билан» деп жауап береді.
Кейін белгілі болғандай, бүлдіршіннің шын есімі расында Дима Билан екен.
Ресейлік әнші Дима Билан желіде тараған видеоға назар аударып, аттасын концертіне шақыруы мүмкін екенін жеткізді.
«Ұлымды неге жариялап жібердіңдер?» — деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар Дима Билан Қазақстанда күзде өтетін концертіне бүлдіршінді шақыруы мүмкін екенін айтты. Әнші Threads желісінде оқырмандарына: «Қазақстандағы концертке кішкентай Дима Биланды шақырамыз ба?» — деп сауал тастаған.
Желі қолданушылары бұл идеяға қолдау білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.