Қазақстанда қай ұлттың саны басым екені белгілі болды

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 20 532 240 адам болды.

Бір шаңырақ астында елімізде түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 20 532 240 адам болды. 

Ұлттық статистика бюросы жыл басында елдегі ең көп ұлт қайсы екенін жариялады.

1. Қазақтар – 14 664 202 

2. Орыстар – 2 943 022 

3. Өзбектер – 695 557 

4. Украиндар – 367 547 

5. Ұйғырлар – 309 164 

6. Немістер – 222 890 

7. Татарлар – 218 361 

8. Әзербайжандар – 157 568 

9. Кәрістер – 120 821 

10. Түріктер – 93 234 

11. Дүнгендер – 88 165 

12. Беларустар – 73 788 

13. Тәжіктер – 61 307 

14. Күрдтер – 52 077 

15. Қырғыздар – 41 459

Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.