«Ойына, тәрбиесіне қарадым»: әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісі туралы айтты (видео)

Ол өзінен он бес жас кіші арумен көңіл жарастырып жүргенін жасырмады.

Әнші Жігер Ауыпбаев сүйіктісі туралы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты. Ол өзінен он бес жас кіші арумен көңіл жарастырып жүргенін жасырмады. Сонымен қатар оған арнап ән шығарғанын жеткізді.

«Бәрі «Мектеп бітірген қыз ба, сабағын оқымай не істеп жүр?» деп жазып жатыр. Екеуміз әлі толыққанды сұхбат берген жоқпыз. Халық біржақты ғана пікір жазып жатыр. Мен де басы істемейтін адам емеспін. Ол 2003 жылғы қыз, қазір 23 жаста. Сол қызбен танысып, сөйлесіп, білісіп бастағалы біраз уақыт өтті. Ата-анасымен де таныстым. Қазір қыз бен жігіт болып жүрміз. Бойы кішкентай деп жатыр. Менің жаныма кімді қойса да, кішкентай ғой негізі. Менің бойым 1,95, жаныма кімді қойса да кішкентай болып қалады. Ол қыздың бойы 1,65. Өзімнен бойы ұзын адамды 1-2-ақ рет көрген шығармын. Бойына қарайтын болсам, өмір бақи бойдақ болып өтеді екенмін. Ойына, тәрбиесіне қарап сөйлесіп жүрміз. «Кішкентай қыз» деген әнді сол қызға арнап шығардым. Сәндібек Ботабаев деген композитор, ақын ініміз Ақтауға гастрольге барған кезде шығарып берді», - дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.