FIDE жасөспірімдер арасындағы әйелдер рейтингінде қазақстандық шахматшылар Алуа Нұрман мен Әмина Қайырбекова алғашқы ондыққа енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
19 жастағы Алуа Нұрман 2 443,0 ұпай жинап, әлемдік рейтингте 2-орынға көтерілді. Ол соңғы 12 айда үлкен серпіліс жасап, 14 сатыға жоғарылаған. Нұрманның рейтингі +105,0 ұпайға өскен. Қазіргі таңда ол рейтинг көшбасшысы ресейлік Анна Шухманның басты бәсекелесі саналады және қытайлық Лу Мяойиді артта қалдырды.
Ал Әмина Қайырбекова 2 374,0 ұпаймен әлемдік рейтингте 9-орынға жайғасқан. Ол соңғы кезеңде 12 ұпай қосып, бір сатыға жоғарылаған.
Жасөспірімдер арасындағы әлемнің үздік 5 шахматшы қыздары:
Анна Шухман (Ресей) — 2 456,4
Алуа Нұрман (Қазақстан) — 2 443,0
Лу Мяойи (Қытай) — 2 438,0
Афруза Хамдамова (Өзбекстан) — 2 423,0
Элис Ли (АҚШ) — 2 415,0