24 наурыз күнгі сағат 21:40 жағдайы бойынша Қазақстанда 69 науқас коронавирус дертімен тіркелді. Кешке анықталғандай Шымкентте 1 азаматтан коронавирус дерті расталды. Айта кетейік, осы сағатта Нұр-Сұлтанда – 35 адам, Алматыда қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2 адам, Ақтөбе облысында 1 адам аталған дертті жұқтырған.