Қазақстан құрамасы Жапонияны ірі есеппен ұтты

Осыған дейін Қазақстан құрамасы алғашқы турда Литваны 4:1 есебімен жеңген еді

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионында екінші ойынын да жеңіспен аяқтады. Бұл жолы Қазақстан құрамасы Жапония командасын 6:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Кездесуде шайба авторлары – Дінмұхамед Қайыржан, Ансар Шайхмедденов, Дмитрий Бреус, Әлихан Әсетов, Роман Старченко және Кирилл Ляпунов. Артур Ғатиятов үш нәтижелі пас беріп, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінің көшін бастады (2 ойында 1 шайба + 4 пас).

Осыған дейін Қазақстан құрамасы алғашқы турда Литваны 4:1 есебімен жеңген еді. Алдағы ойындарда команда Польша, Украина және Франция құрамаларына қарсы кездеседі.