Трамп Иран ұсынысын қабылдамайтынын мәлімдеді

Трамп бұл туралы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ұсынған жаңа бейбіт жоспарды қарастыратынын, бірақ оған оң көзқараста емес екенін мәлімдеді. Ол Иран соңғы 47 жыл ішінде әлемге жасаған әрекеттері үшін әлі де жеткілікті жауап бермеді деген пікір білдірді.

Трамп бұл туралы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, ұсыныс жақын уақытта талқыланғанымен, қазіргі жағдайды ескерсек, оны қабылдау мүмкін емес.

Бұған дейін Иранның ресми ақпарат агенттігі IRNA АҚШ-пен келіссөздерде делдал болып отырған Пәкістан арқылы жаңа ұсыныс жолданғанын хабарлаған. Мәліметке сәйкес, құжат 30 сәуір кешінде келіссөздің соңғы нұсқасы ретінде берілген.