Қытайдан келген 80 қазақстандық ауруханадан шықты – Диас Ахметшәріп
Қытайдан келген 80 қазақстандық ауруханадан шықты – Диас Ахметшәріп
Фото: интернеттен алынды
6 қаңтардағы жағдай бойынша Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтардан коронавирус белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты , - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазірге дейін жалпы 110 адам дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 105 науқас жаңа короновирустық инфекцияға тексерілді. Коронавирус анықталған жоқ. 80 адам үйлеріне қайтарылды. 30 адам ауруханада жатыр», - дейді Диас Ахметшәріп. Оның айтуынша, науқастардың жағдайы жақсы. «Ухань қаласынан Нұр-Сұлтан, Ташкент және Түмен қалаларына эвакуацияланған біздің және Беларусь пен Армения азаматтарының денсаулық жағдайы жақсы. Олар Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында», - дейді ол.