Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Мадина Ералиеваның сіңлісі Сағира Ералиева әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әпкесімен бірге өткізген күндерді еске алды. Сонымен қатар жазбасында әншінің Франциядан гастрольдік сапардан оралған сәті туралы сыр шертті.
«Бұл – естелік сурет. Мадинаш Франциядан гастрольден келген күн еді. Арсен екеуміз әкелген сыйлықтардан бұрын, оның аман-есен жеткеніне қатты қуанғанбыз. Біз үшін әкеміз де, анамыз да, бар байлығымыз Мадинаш болатын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әнші туралы жылы естеліктерін бөлісті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.