Жаңбыр, найзағай: Астана, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстары.
Күшті жауын-шашын, бұршақ, дауыл: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстары — кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел.
Тұман (түнде және таңертең): Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы облысының таулы аудандары.
Қатты жел (15–25 м/с екпінмен): Қостанай, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер:
Астана қ.: 05 мамырда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
05 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 мамырда түнде Ақтөбе облысында жаңбыр, облыстың орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
05 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
05 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 мамырда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. 05 мамырда Алматы облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 05-07 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт каупі, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт каупі күтіледі.
05 мамырда Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тауларда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Абай облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, орталығында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 мамырда Ұлытау облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.