Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус жұқтырғандар тіркелді
Жамбыл мен Солтүстік Қазақстан облыстарында коронавирус жұқтырғандар тіркелді
405
оқылды
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 24 наурыздағы сағат 23:20 жағдай бойынша Қазақстанда жалпы 72 адам қауіпті дертті жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.