Әнші Қайрат Нұртастың әкесі отбасы, бала тәрбиесі жайлы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Нұртас Айдарбеков бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлетінін, балаларына үнемі ескерту жасап отыратынын айтты.
Сонымен қатар ұлы Қайрат Нұртас өнерден кетуді ойлағанда қандай кеңес бергенін жеткізді.
«Бір күні келіп «Әке бәрін қойсам қайтеді, шаршадым» деді. Аяқтан шалады ғой. Сонда «Өзіңнің таңдаған жолың ғой. Онда жүр, базарға барып, ағаш сатайық» дедім. «Жоқ, сата алмаймын» дейді. «Енді не дейсің?» деймін мен. Бір тойға бара алмай қалса, сол облыстағы адам қызметтен кеткенше түрлі жолмен кедергі жасайды. Сондай жағдайлардан кейін шаршағаны ғой», - дейді әншінің әкесі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.