Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге белсенді пайдаланды

Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 33%-ға жоғары.

2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері 66,8 миллиард теңгеге жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл көрсеткіш наурыз айымен салыстырғанда 33%-ға жоғары.

Әсіресе тұрғын үй жинақтарын толықтыру және баспана сатып алу бойынша өтінімдер айтарлықтай артқан. Сарапшылар мұны алдағы өзгерістер мен жеткіліктілік шектерінің қайта өсуі мүмкін деген талқылаулармен байланыстырады.

Сонымен қатар, биылдан бастап зейнетақы қаражатын ипотеканың тек негізгі қарызын жабуға пайдалану талабы күшейтілді. Пайыздар мен айыппұлдарды өтеуге рұқсат берілмейді.

Еңбек министрлігі қазіргі рәсімдеу тәсілін қайта қарау қажет екенін мәлімдеді. Ведомство бұл шара азаматтардың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін қолға алынып отырғанын атап өтті.