«Астана Арена» стадионы алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Open Air форматында мерекелік концерт өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп жазды Aikyn.kz.
Қонақтардың ыңғайы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шара кезінде стадион маңында – «Алау» мұз сарайы және «Сарыарқа» велотрегі тұсынан көлік қозғалысы шектеледі.
Көлік қозғалысы таңғы сағат 9:00-ден іс-шара аяқталғанға дейін шектеледі.
Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал кептелістерді ескеруі қажет.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.