Жәнібек Әлімханұлы әлемнің ең үздік 10 боксшы қатарына тағы да енді

Бұл жолы Жәнібек Әлімханұлы «Канелодан» басып озды.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңартылған әлемнің үздік боксшылары рейтингінде (P4P) мексикалық Сауль «Канело» Альваресті басып озды,  - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sports.kz. сілтеме жасап.

WBO орта салмақтағы чемпион атағын иеленген Жәнібек рейтингте алтыншы орында тұр. Ал «Канело» сегізінші орынға жайғасқан. Бұған дейін Жәнібек рейтингтіе бесінші орында болған. Алайда ресейлік жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі Дмитрий Бивол оны артта қалдырды.

Жәнібектің кәсіби рекорды  — 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен. Соңғы жекпе-жегінде ол 2025 жылғы сәуірде француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені техникалық нокаутпен жеңген. Қазір ол оң допинг-тест нәтижесіне байланысты жарыстардан уақытша шеттетілген. Дегенмен WBO оның әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр.

Сауль «Канело» Альварес болса, америкалық Теренс Кроуфордан жеңіліп, суперорта салмақтағы барлық чемпиондық атақтарын жоғалтқаннан кейін рингке оралуға дайындалып жатыр. 2025 жылғы қыркүйекте «Канело» төрешілердің бір дауыспен қабылдаған шешімінен кейін жеңілген, сол оқиғадан соң шынтағына ота жасатып, демалыс алған.

Boxing Metrics рейтингіндегі P4P топ-10:

Наоя Иноуэ — 33-0

Александр Усик — 24-0

Теренс Кроуфорд — 42-0

Шакур Стивенсон — 25-0

Дмитрий Бивол — 24-1

Жәнібек Әлімханұлы — 17-0

Джай Опетая — 30-0

Сауль «Канело» Альварес — 63-3-2

Давид Бенавидес — 32-0

Джесси Родригес — 23-0