2030 жылға дейін Қазақстанда қандай мамандық сұраныста екені анықталды

Жастардың көпшілігі жалақының аздығы мен еңбек жағдайына қарай таңдау жасайды.

Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар аталды,  - деп хабарлайды Aikyn.kz Qostanay.TV LS-ке сілтеме жасап.

Білім министрлігінің хабарлауынша, елімізге шамамен 883 мың маман қажет. Оның ішінде ең көбі – инженерлер (60%).

Сонымен қатар, әлі де  талапкерлер арасында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары қатты сұраныста емес. Олар көбіне құқық, дипломатия және психология салаларын таңдайды.

Министрліктің мәліметінше, көпшілігі жалақының аздығы мен еңбек жағдайына қарай таңдау жасайды.