"Бірнеше балкон отқа оранды": Астанадағы тұрғын үйдің бірінен өрт шықты

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Астанадағы Уәлиханов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Қала тұрғындарының бірі оқиға орнынан видео жолдады. Оның айтуынша, бірнеше балкон өртенген. Осы жағдайға қатысты ТЖМ баспасөз қызметі пікір білдірдді. 

"Бүгін Астанада Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон өртеніп, артынша жалын жетінші және сегізінші қабаттағы балкондарға тарады", — деп хабарлады ведомство.

ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің пәтер ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт жедел оқшауланып, сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.