Әнші Сембек Жұмағалиев «КешREC» бағдарламасында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі отбасын кешірек, 49 жасында құрғанын айтты.
«Жас кезімде бірге оқитын курстастарым оқып жүргенде үйленіп, бала-шағалы болды. Ал мен іштей отбасы құруға дайын болмадым. 1995 жылдары Атырауға кеттім. Иманғали Тасмағамбетов әкім болды. Мен ол уақытта ансамбль құрып, көркемдік жетекшісі болдым. Маған екі бөлмелі үй беріп, қолдау көрсетті. Сосын бір күні әнші досым өмірден өтті. Осы жағдайдан кейін орнымнан атып тұрып, «Құдай сақтасын, бірдеңе болып қалса, артымда ұрпағым жоқ. Отбасын құру керек» деп ойландым. Әйеліммен Ақтауда таныстым. Өнерді жақсы көреді, түсінеді. Мамандығы юрист. Мен қырық тоғызда болғанда ол жиырма тоғызда болды. Менен жиырма жас кіші», - дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.