Павлодарда балаларды қорлаған тәрбиеші сотталды

Сот шешімімен әйел 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Павлодарда балабақша тәрбиешісіне қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Айыптау тарапының мәліметінше, айыпталушы балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен. Павлодар облысы прокуратурасының хабарлауынша, тәрбиеші бүлдіршіндерді ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, түрлі дене жарақатын келтірген.

Сот шешімімен әйел 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бірақ жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар  сот оны 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды.

 

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.