Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен құт­тықтады

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы хатта Понтификтің бейбіт­ші­лік идеясы мен диалогты ілгерілету жөніндегі дәйек­ті уағы­зы адами қадір-қасиетті дәріптеп, ха­лық­тар мен конфессиялар арасындағы өзара түсініс­тікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен.

Президент Қазақстан мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз ын­тымақ­тастықты жоғары бағалайтынын және бай­ла­ныстарды одан әрі тереңдету ниетін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шір­кеуі­­нің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да рас­тады.

– Сіздің сапарыңыз серіктестігімізге жаңа маз­мұн дары­тып, аймақтағы елеулі уақиғаға айналатынына сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Папа XIV Леоға ізгі мұратын іс­ке асыру жолында зор денсаулық және қажымас қай­рат тіледі.