Жоғарғы Сот төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Рәсімге қатысушылар соғыстарда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Жеңіс күнін мерекелеу аясында қазақ халқының даңқты қызы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға Жоғарғы Сот судьялары, кассациялық соттардың және Астана қалалық сотының төрағалары, қалалық және аудандық соттардың судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшылығы қатысты.

Рәсімге қатысушылар соғыстарда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.