Қазақстандық екі дзюдошы Grand Slam турнирінің жартылай финалына өтті

Екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының екі өкілі Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің 1/2 финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Екі отандасымыз да 81 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін күреседі.

Жалғас Қайролла ширек финалда молдовалық Виктор Стерпумен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.

Сондай-ақ Досхан Жолжақсынов өз ширек финалында ресейлік Егор Сухопаровты жеңді.

Айта кетейік, финалдық кезең 17:00-де басталады.