Украина дрондары майданнан 100 шақырым жердегі ресейлік логистиканы соққылады

ISW жариялаған деректерге сәйкес, украин дрондары Мариуполь–Донецк бағытындағы Т-0509 тас жолында ресейлік жүк көлігіне соққы жасаған

Украина әскері Ресей күштердің жабдықтау бағыттарына дрондармен соққы жасауды күшейтті. Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, украиналық күштер майдан шебінен шамамен 100 шақырым қашықтықтағы логистикалық бағыттарды нысанаға алып жатыр. Сарапшылар мұны алдағы украин қарсы шабуылдарына әсер етуі мүмкін маңызды фактор ретінде бағалауда.

ISW жариялаған деректерге сәйкес, украин дрондары Мариуполь–Донецк бағытындағы Т-0509 тас жолында ресейлік жүк көлігіне соққы жасаған. Сондай-ақ беспилотниктер Мариуполь маңында және Запорожье мен Херсон облыстарының оккупацияланған аумақтарына апаратын М-14 трассасы бойында байқалған. Сарапшылар бұл жолдардың Ресей әскері үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

ISW сарапшыларының пікірінше, Украина дрондарының майданнан алыс қашықтықтағы қозғалыстағы нысандарды соққыға ала бастауы ресейлік логистикаға қысымды күшейтеді. Мұндай жүйелі шабуылдар оккупациялық күштердің шабуыл жүргізу және қорғаныс қабілетіне әсер етуі мүмкін.