Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен кездесті

Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен кездесті.

Осылайша Жалғас Қазақстан құрамасына төртінші жүлдені сыйлады. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) пен Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.