Асу Алмабаевқа қатысты жағымды ақпарат тарады

Бұл туралы ұйымның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев жаңа ұйыммен ресми келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Енді қазақстандық файтер жеңіл салмақта еркін күрес турнирлерін ұйымдастыратын Real American Freestyle (RAF) лигасында да өнер көрсетеді. Бұл туралы ұйымның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.

RAF лигасы 2025 жылы Чад Бронштейн, Терри Фрэнсис және әйгілі рестлер Халк Хоганның бастамасымен құрылған. Қазіргі таңда ұйым құрамына UFC жұлдыздары Алджамейн Стерлинг, Арман Царукян, Белал Мұхаммад және танымал балуандар Кайл Снайдер мен Бо Никал қосылған.

Айта кетейік, Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 27 маусым күні Бакуде өтетін UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонға қарсы өткізеді.