Атырау облысы, Жаңгелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев Атыраудағы тергеу изоляторында сотты күтіп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс екі немесе одан да көп адамды өлтіру бабы бойынша тергеліп жатыр. Сонымен қатар мал ұрлығы мен алаяқтық деректері бойынша да қосымша қылмыстық істер тіркелген. Тергеу мәліметінше, күдікті қаза тапқан отбасының малын сатып, ақша жымқырған.
Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыстық іс материалдарымен танысып, төрт адамды өлтіргенін мойындаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, іс мамыр айында сотқа жолданады. Бұған дейін прокурорлар сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде күдіктінің есі дұрыс деп танылғанын мәлімдеген еді.