Катар Иран мен АҚШ арасындағы соғыс басталғалы бері алғаш рет сұйытылған табиғи газ тиеген танкерін Ормуз бұғазы арқылы өткізе алды. Бұл туралы Bloomberg кеме қозғалысын бақылау деректеріне сүйеніп хабарлады.
Басылым мәліметінше, осы айдың басында Рас-Лаффан экспорт зауытында тиелген Al Kharaitiyat кемесі бұғаздан өтіп, қазір Оман шығанағында жүр. Танкердің келесі бағыты — Пәкістан. Хабарламада кеме Тегеран мақұлдаған, Иран жағалауын бойлай өтетін солтүстік бағытпен жүрген болуы мүмкін екені айтылған.
Bloomberg бұл жағдай сұйытылған табиғи газ жеткізілімі қайта жандануы мүмкін екенін көрсететін белгі деп жазады. Алайда қазіргі көлем соғысқа дейінгі деңгейден әлі де алыс. Бұған дейін Парсы шығанағынан күніне шамамен үш жүк жөнелтіліп отырған. Басылымның жазуынша, Катар бұған дейін Ормуз арқылы бірнеше рет сұйытылған табиғи газын жөнелтуге тырысқанымен, танкерлер кейін кері қайтқан. 2025 жылы әлемдік СТГ жеткізілімінің шамамен бестен бірін өндірген ел қақтығыс басталғалы бері Парсы шығанағынан бірде-бір танкер шығара алмаған еді.