2 алтын, 2 күміс, 4 қола: Қазақстан дзюдошылары Астанада өткен Grand Slam турниріне қатысты

Астанада өткен Grand Slam турнирі өз мәресені жетті

Қазақстан дзюдошылары Астанада өткен Grand Slam турнирінде нәтижелі өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 8 спортшымыз тұғырдан көрінді.

Атап айтқанда, Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) мен Марат Байқамуров (100 келіге дейін) алтын жүлдеге қол жеткізсе, Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) мен Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Шерзод Давлатов (60 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін) және Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) қола медаль жеңіп алды.