Астанада дзюдодан ең ірі халықаралық турнирлердің бірі — "Qazaqstan Barysy Grand Slam 2026" өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Олардың арасында олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, Әлем чемпиондары, сондай-ақ әлемдік рейтинг көшбасшылары бар.
Беделді халықаралық турнирде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі — 5511 әскери бөлімі жедел мақсаттағы ротасының атқышы ретінде қызмет өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Жалғас Қайролла жоғары нәтиже көрсетті.
Жекпе-жектерде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сенімді түрде өнер көрсеткен ұландық сарбаз турнирдің алтын медалін жеңіп алып, жеке есепте бірінші орынды иеленді.
Айта кетейік, қатардағы Жалғас Қайролла дзюдодан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Абай облысы Семей қаласының тумасы, әскери қызметке 2025 жылы шақырылған.
Құқықтық тәртіп әскері спортшысының халықаралық аренадағы жарқын жеңісі — қазақстандық спортшылардың жоғары дайындық деңгейінің көрсеткіші және ұландықтардың үлкен спортта ел атынан лайықты өкілдік ететіндігінің дәлелі болды.