"Кетіп қаламын деп ойлаған жоқ": жұбайы Асанәлі Әшімовтің соңғы сәтін еске алды

Оның айтуынша, марқұм тез әрі еш қиналмай өмірден өткен.

Танымал актер Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова марқұмның өміріндегі соңғы сәтін еске алды. Ол актерге барынша қолдау жасап, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанын айтты, - деп хабарлайды  Aikyn.kz. Ол бұл туралы Artiz подкастында айтып берді. 

Подкаст барысында Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің өміріндегі соңғы сәттер қалай өткенін еске алды. Оның айтуынша, марқұм тез әрі еш қиналмай өмірден өткен. 

"3 минут сол... Соңғы 3 минутқа дейін сөйлеп... "Белім ауырып тұр, кеудеме ауру өтіп тұр, жатайыншы" деді. Жатқыздым. "Басымды көтерші" деді, басын көтердім. "Тағы көтерші" деді, тағы көтердім. Болды, көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды, ойлаған жоқ кетіп қаламын деп. Тағы сол жасанды демалдыру, жүрегіне массаж – бәрін жасадым, бірақ... 3 минут...", - деді ол.