Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады?

Құрбан айт ислам күнтізбесіндегі зұлхижжа айының 10-күніне сәйкес келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылы Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр аралығында өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz

Мерекенің алғашқы күні – 27 мамыр ресми демалыс күні. Биыл Құрбан айт сәрсенбіге түсіп отыр. Осылайша, қазақстандықтар аптаның ортасында қосымша демалыс күнінде демалады.

Құрбан айт – мұсылмандар үшін ең маңызды діни мерекелердің бірі. Ол Ораза айтпен қатар исламдағы басты мейрам саналады. Құрбан айт ислам күнтізбесіндегі зұлхижжа айының 10-күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты мереке күні жыл сайын өзгеріп отырады.