Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді

Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан.

Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан. 

Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.