Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Кездесу 26:26 есебімен тең аяқталғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Алматыда өткен регби-15-тен Asia Rugby Emirates Women’s Championship турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Екінші орын тағдыры шешілген кездесуде жерлестеріміз Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен матчта екі команда да жеңіс үшін бар күшін салды. 

Кездесу 26:26 есебімен тең аяқталғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, күншығыс елінің өкілдері Қазақстан командасын 64:12 есебімен, ал Гонконг құрамасын 72:12 есебімен жеңген болатын. 

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы өз жерімізде өткен Азия чемпионатында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтағы үздік командалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік еліміздегі әйелдер регбиінің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.