Қазгидромет 12–14 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде температура күрт төмендейді.
Қазақстан аумағына келген антициклон суық ауа массаларымен толығып, алдағы күндері де өз әсерін сақтайды. Температураның төмендеуі еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірінде байқалып, түнгі уақытта ауа температурасы күрт төмендейді.
Ал оңтүстік-шығыс өңірлерде антициклонның жылжуына байланысты 13 мамырға қараған түні үсік жүруі мүмкін.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.