"Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында кей уақыттарда жауын-шашын болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кей жерлерде жаңбыр аралас қар күтіледі.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман болжанады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.